Мәжілістің жұмыс тобының отырысына қатысушы жұрттың сынына ұшырады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Видеоны Мәжіліс депутаты Болатбек Әлиев жариялады. Бұл жағдай өткен аптада бейсенбіде болған.
"Мәжілісте майкамен. Нағыз ашықтық дәл осылай көрінеді. Бейсенбі күні Құрылыс кодексі бойынша жұмыс тобының отырысында бір қызық жайтқа көзім түсті. Талқылауға қосылып отырған мамандардың бірі кәдімгі үй жағдайында, майкамен отыр. Қолында тамағы, жанында сусыны. Солай отырып бізді тыңдап, талқылауға қатысып отыр. Бір сәт ойланып қалдым. Бұл тәртіпсіздік емес. Бұл - қолжетімділіктің белгісі. Бұрын мұндайға ешқашан куә болмағанмын. Салада тәжірибем болса да, заң талқылауына дәл осылай еркін қатысу мүмкін емес еді. Ал қазір біз қандай форматта жиналсақ та, кәсіби орта өкілдері дәл сол уақытта пікірін қоса алады. Кім кеңседе, кім жолда, кім үйде бәрібір. Ең бастысы қатыса алады", - деді ол.
Оның сөзінше, бұл - Мәжілістің ашық, қолжетімді және шын мәнінде демократиялық жұмыс жүргізіп жатқанының нақты дәлелі. Десе де желі қолданушылары қатысушының бұл әрекетін сынап жатыр.
