Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық жасанды интеллект арқылы әлемдегі жалғыз сәулелік терапия технологиясын қолдануда, деп хабарлайды Dalanews.kz ҚР Үкіметіне сілтеме жасап.
Жаңа әдіс пациенттің ағзасындағы жеке өзгерістерге күнделікті бейімделе отырып емдеуді жүргізуге мүмкіндік береді, бұл сәулелендіру дәлдігін едәуір арттырады және жанама әсерлер қаупін азайтады. Бұл туралы орталықтың медициналық физика бөлімінің басшысы Қайыргелді Датбаев айтып берді.
— Дәрі-дәрмекпен емдеу барысында ісіктердің көлемі кенеттен өзгеруі мүмкін, ал жамбас мүшелері, мысалы, қуық немесе ішек, әр күн сайын өз орнын өзгертеді. Оларды бірдей күйде ұстап тұру мүмкін емес. Біз 2025 жылғы наурыздан бастап бейімделетін сәулелік терапияны енгіздік. Нәтижелеріне медициналық персонал да, біз, техникалық персонал да өте ризамыз, — деді Қайыргелді Датбаев.
