Астанада бастауыш сынып мұғалімі Айгүл Ержанова салмағы 13,5 тонна болатын автобусты 15 метрге сүйреп, рекорд жаңартты, деп хабарлайды dalanews.kz.
30 жылдан бері ұстаздық етіп келе жатқан Айгүл Ержанова №50 "Қазғарыш" мектеп-лицейінде жұмыс істейді. Ол бұған дейін де жалпы салмағы 8 тонна болатын екі көлікті 57 метрден аса қашыққа сүйреп, көпшілікті таңғалдырған.
Ұстаздың айтуынша, алға қойған мақсат пен үздіксіз дайындық кез келген нәтижеге жетелейді.
Осы жетістігінің арқасында Айгүл Ержанова GBR (GLOBAL BEST of RECORDS) - THE WORLD BOOK OF RECORDS FOR ASIA AND AFRICA аясында әлемдік рекорд иегері атанды.