Миллиондап көмек көрсеткен "Маскадағы адамға" қатысты жаңа жорамал айтылды

Миллиондап көмек көрсеткен "Маскадағы адамға" қатысты жаңа жорамал айтылды
ашық дереккөзден

Қоғам белсендісі Азамат Ерғали әлеуметтік желідегі жазбасында көптен бері жұрт назарын аударып жүрген "Маскадағы адамға" қатысты өз болжамын айтты. Ол мұқтаж жандарға миллиондап көмек көрсетіп жүрген белгісіз қайырымды жанның кім болуы мүмкін екенін көпшілік талқысына салды, деп dalanews.kz тілшісі kznews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Белсендінің жазуынша, оның ойынша, "Маскадағы адам" әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген болуы ықтимал.

"Маскадағы адам – меніңше, бұл біздің Димаш Құдайберген сияқты. Ал сіздер қалай ойлайсыздар?" – деп жазды Азамат Ерғали.

Бұл жазба әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқылау тудырды. Бірқатар оқырман белсендінің болжамын қолдап, "шынымен де Димаш болуы мүмкін" деген пікір қалдырған. Ал кейбірі «Маскадағы адамның» кім екені нақты дәлелденбейінше, мұндай тұжырым жасауға асықпау керек екенін жазды.

Қазірге дейін "Маскадағы адамның" кім екені ресми түрде жарияланған жоқ. Дегенмен оның қайырымдылық істері мен мұқтаж жандарға көрсеткен көмегі ел арасында кеңінен талқыланып келеді.

Желі қолданушылары белгісіз жанның кім екенін анықтауға тырысып, түрлі болжам айтуда. Ал көпшілік үшін ең маңыздысы – оның аты-жөні емес, адамдарға шынайы көмек көрсетіп жүргені екені айтылып жатыр.