Алматыда такси жүргізушісі кәмелетке толмаған қызға қатысты әдепсіз әрекет жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы полицияға бойжеткеннің анасы арызданған, деп хабарлайды dalanews.kz.
15 жастағы қыздың айтуынша, көлік ішінде жүргізуші оған рұқсатсыз қол тигізген. Ал межелі жерге жеткен соң оны көліктен шығармай ұстап, сүймек болған.
Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.