Қызылорда облысында заңсыз сақталған 58 киіктің өлексесі анықталды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Полиция жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қызыл кітапқа енген киік өлекселері мен мүйіздерін заңсыз сақтаған адамды анықтады.
Тексеріс барысында күдіктінің ауласынан бес киіктің басы, 58 киік өлексесі, үш қап киік терісі, 8 пышақ және бір таразы тәркіленіп, заттай дәлел ретінде алынды.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазір күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.