Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Қазақстанда үй жануарларын тіркеу тәртібі жеңілдеді

Қазақстанда үй жануарларын тіркеу тәртібі жеңілдеді
ЖИ: Dalanews.kz

Қазақстандықтар енді ит пен мысығын ветеринарлық клиникада тіркеу кезінде жеке деректерін eGov Mobile қосымшасы арқылы растай алады. Жаңа мүмкіндік 25 қарашадан бастап қолжетімді. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті хабарлады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұған дейін үй жануарын есепке қою үшін иесі 1414 нөмірінен SMS арқылы жіберілетін растау кодын күтуі керек болатын. Енді бұл рәсімді жеңілдету үшін eGov Mobile қосымшасындағы QR-кодты сканерлеу жеткілікті. Осыдан кейін жүйе жануар иесінің ЖСН-і мен аты-жөнін автоматты түрде енгізеді.

Сонымен қатар бұрынғы SMS арқылы растау тәсілі де қолданыста қалады.