Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы кім екені айтылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ведомство мәліметінше, өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы Рахымжан Исақұлов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдаған.
Қабылдау барысында тұрғындар құрылыс сапасы, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару, мүлік иелері бірлестіктерінің (МИБ) қызметі, сондай-ақ, тұрғындардың МИБ-пен өзара іс-қимылы мәселелерін көтерген.
"Әрбір өтініш бойынша азаматтардың пікірлері тыңдалып, тиісті түсініктемелер берілді. Қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелер бейінді бөлімшелердің бақылауына алынды", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, ол 2023 жылғы қазанда Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің аппарат басшысы болды. 2024 жылы 15 қарашада өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі болып тағайындалды.