Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Алматыда қанша көліктің зиянды шығарындылары нормадан асып кеткен?

Алматыда қанша көліктің зиянды шығарындылары нормадан асып кеткен?
Алматы әкімдігі

Алматыда LEZ жобасы аясында 3,4 мыңнан аса көліктің зиянды шығарындылары белгіленген нормадан асқаны анықталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қала әкімдігі мәліметінше, шығарындылар деңгейі төмен аймақ (LEZ) пилоттық жобасының кезекті аралық қорытындысы шығарылған.

2026 жылы 1 қыркүйек пен 24 қараша аралығында 18 581 көлік техникалық тексерістен өтті. Оның ішінде 3 435 көліктің, яғни тексерілген көліктердің жалпы санының 18,4%-ында шығарындылар белгіленген нормадан асқаны анықталды.

Тексеріс барысында ең жиі анықталған сәйкессіздік – пайдаланылған газ құрамындағы көміртек тотығы (CO) шамадан тыс болуы. Мұндай 2 316 жағдай тіркелді. Тағы 788 көлікте көміртек тотығы мен көмірсутектердің мөлшері қатар нормадан асса, 298 көлікте көмірсутектердің мөлшері, 33 көлікте түтіндену деңгейі белгіленген талапқа сай болмаған.

2 305 көлік қайта өлшеуден өтті. Оның ішінде 1 475 көлік, яғни 64%-ы анықталған ақаулар жойылғаннан кейін белгіленген нормативтерге сай нәтиже көрсеткен.