Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы алтын өндіруші алпауыттың үлескері атанды

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы алтын өндіруші алпауыттың үлескері атанды
Фото: Шахмұрат Мұтәліптің желі парақшасынан

Қазақстандағы ірі алтын өндіруші компаниялардың бірі "Алтыналмастың" акционерлер құрамы өзгерді. Қаржылық есептілік депозитарийінің мәліметінше, бұл өзгеріс 23 қарашада тіркелген, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қазір компанияның дауыс беретін акцияларының кемінде 10 пайызына иелік ететін ірі акционерлер қатарында Владимир Джуманбаев, Нидерландта тіркелген Gouden Reserves B.V. және Central Asia Resources Holding Ltd. бар.

AFSA тізіліміндегі мәліметке сәйкес, Шахмұрат Мүтәліп Central Asia Resources Holding компаниясының акционері, бас директоры әрі директорлар кеңесінің мүшесі саналады. Аталған холдинг 2026 жылғы 21 қаңтарда "Астана" халықаралық қаржы орталығында тіркелген.