Қазақстан азаматтығын алғысы келетін үміткерлер 27 қарашадан бастап арнайы емтиханға өтініш бере алады. Ұлттық тестілеу орталығының хабарлауынша, тіркеу 7 желтоқсанға дейін жалғасады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Өтінішті app.testcenter.kz сайты немесе UTO мобильді қосымшасы арқылы тапсыруға болады.
Тестілеу 8 желтоқсанда өтеді. Емтихан қазақ тілі, Қазақстан Конституциясының негіздері және Қазақстан тарихы бойынша үш бөлімнен тұрады. Азаматтық алуға үміткер 100 ұпайдың кемінде 50-ін жинауы қажет.
Сынаққа 2 сағат 10 минут беріледі. Мүгедектігі бар азаматтарға қосымша уақыт қарастырылған. Емтиханға қатысу құны – 14 693 теңге.