2026 жылдың 25 маусымынан бастап ескі үлгідегі 2000 теңгелік банкноттар Қазақстан аумағында заңды төлем құралы ретінде қолданыстан шығарылады. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкі мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ұлттық банк мәліметінше, ескі үлгідегі банкноттарды екінші деңгейлі банктер мен «Қазпошта» бөлімшелерінде үш жыл ішінде айырбастауға болады. Ал Ұлттық банктің филиалдары бұл ақшаларды мерзімсіз қабылдап, жаңасына айырбастайды.
Ведомство азаматтарды ескі үлгідегі купюраларды алдын ала айырбастап алуға шақырды.