Жағаұстатар қылмыс: 14 жастағы қызды аяусыз өлтірді деген күдікті ұсталған сәттің видеосы тарады

Сағыныш Сардарова 17 қар. 2025 12:49

Ақмола облысында 14 жастағы қызды аяусыз өлтірді деген күдікті ұсталған сәттің видеосы тарады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ынтымақ ауылының 14 жастағы тұрғыны пышақ жарақатынан қайтыс болды. Күдікті бір тәулікке жетпей Целиноград ауданының Родина ауылының маңында ұсталған.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында", - деді ІІМ өкілдері.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар