Батыс Қазақстан облысында жол апатынан сегіз адам қаза тапты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
17 қарашада облыстық маңыздағы Чапай - Жаңақала - Сайқын тасжолының 50-шақырымында Toyota Camry мен Volkswagen Sharan көліктері соқтығысып, соның салдарынан көліктердің бірі өртеніп кеткен.
Оқиға орнында сегіз адам қаза тапты, тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала болжам - жүргізушілердің бірінің қарсы жолаққа шығып кетуі.
