Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин карьерасын аяқтамағанын және кем дегенде тағы бір жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
43 жастағы боксшы бұл туралы Asia Boxing ұйымының және Таиланд бокс қауымдастығының басшысы Пичаи Чунхаваджирамен кездесу барысында айтты.
БАҚ-та Головкин мен спорт функционері арасындағы әңгіме жарияланды:
Чунхаваджира: Қазір сіз 43 жастаcыз ба?
Головкин: Иә, 43. Мен әлі де бокстамын.
Чунхаваджира: О, бұл жақсы екен.
Головкин: Мүмкін, тағы бір жекпе-жек өткізгім келетін шығар, Қазақстанда.
