Осы мәселені оңтайлы шешу үшін шығыста соңғы бірнеше жылда жүздеген гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылып, жайылымдық жерлердің көлемі ұлғайды.
Ал облыс әкімі Даниал Ахметовтың айтуынша «Бос жатқан 40 мың гектардан астам аумақты жайылымдық жерлерге беру мүмкіндігі қарастырылуда», – деп айтқан сөзі шаруалардың еңсесін бір көтерді.
Шығыс Қазақстан облысы күнбағыс тұқымын өсіруге бөлінген егіс алқаптарының көлемі бойынша бірінші орында.
Предгорное ауылында май экстракция зауытының құрылысы тәулігіне 1400 тоннаға дейін шикізатты қайта өңдеуді қамтамасыз ете алады.
Ал өндірістің барлық кезектері іске қосылғаннан кейін жылына 200 мың тоннаға дейін май өндіруге қабілетті болады. Май экстракциялық зауытының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін негізгі шикізат Шемонаиха, Глубокое, Зырян, Самара және Ұлан аудандарында, сондай-ақ Ресей Федерациясының Алтай өлкесінде өндіріледі.
Зауыт өнімдері Қытайға, Иранға, Өзбекстанға және басқа елдерге экспортталады. Тұқым өсіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Бүгінде Қазақстанның аграршыларын күнбағыс, рапс, соя және жемшөп дақылдарының элиталық тұқымдарымен қамтамасыз етіп отырға біздің өңір.
Даниал Ахметовтің қолдауының арқасында халықаралық стандарттар бойынша өнімді сертификаттауға арналған зертхананы іске қосу қолға алынды. Көпсалалы ауылшаруашылық зертханасын құру үшін ғимарат дайын, қызметкерлер аккредиттеуден өтуде.
Осы зертхананы іске қосу біздің өнімдерімізді әлемнің кез келген еліне экспорттауға мүмкіндік алмақ. Сонымен Шығыс Қазақстан облысында Облыс еліміздің өнеркәсіп секторында жетекші орынға ие.
Инфрақұрылымды кеңейту және жол салу, туризмді, денсаулық сақтауды дамыту бойынша көш басындағы қуатты өңір.
Ал әлемде геосаяси тұрғыдан тұрақсыз уақытта, Облыста әр ұлт береке-бірлікте өмір сүруде. Ең басты байлық та Тәуелсіз Қазақстан үшін осы емес пе.
Айта кетелік, президент Тоқаев өз жолдауында «қуатты өңірлер – қуатты ел» қағидатына ерекше мән берді. Елімізде «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» атты ұлттық жоба жүзеге асырылуда.
Ал 3 елмен шектесетін Шығыс Қазақстан облысы бүгінде елімізде әр сала бойынша даму көрсеткіші жағынан көш басында келеді. Өткенде Шығысқа іс-сапармен келген ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов "Шығыс Қазақстан Облысы барлық негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамикаға ие",- деп өз бағасын берген еді.