Лондондағы Корольдік колледж ғалымдары анар, жаңғақ және кейбір жидектерді тұтынғаннан кейін ағзада түзілетін уролитин А қосылысы жүрек жұмысына оң әсер етуі мүмкін екенін анықтады, деп dalanews.kz тілшісі Malim.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Зерттеу барысында бұл зат жануарларда жүрек қызметінің кейбір көрсеткіштерін 80%-ға дейін жақсартып, жүрек бұлшықетінің босаңсуына көмектескен. Сондай-ақ тыртық тіндерінің түзілуі мен жүрек бұлшықетінің ұлғаюын азайтқаны байқалған.
Ғалымдар әзірге анарды немесе уролитин А-ны жүрек ауруын емдейтін құрал деп айтуға ерте екенін ескертеді. Себебі зерттеу жануарлар мен зертханалық жағдайда алынған адам жүрек тіндеріне жүргізілген. Оның адам ағзасына нақты әсерін анықтау үшін қосымша клиникалық зерттеулер қажет.