ШҚО туристік ақпараттық орталығының бастамасымен шара құрметіне қысқы демалыс түрлерінің мерекесі ұйымдастырылды.
Шараның ашылуын және Мемлекеттік Туды салтанатты түрде көтеріп, Қазақстан Республикасының Әнұранын орындау рәсімін еліміздің тау шаңғысы спортының ардагері Игорь Закурдаев пен тау шаңғысы бойынша ұлттық құраманың штаттық мүшесі Захар Кучин өткізді.
Риддер қаласы әкімінің орынбасары Әсем Ағажаева мен Шығыс Қазақстан облысының туристік ақпараттық орталығының өкілі Талғат Дәулетов құттықтау сөз сөйледі.
Қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолөнершілер жәрмеңкесі, концерт, сондай-ақ ит шанамен сырғанау, ұлттық стильдегі бүркіттері бар фотоаймақтар және спорттық жарыстар ұйымдастырылды.
- "Біз облыстық Делбеші Иттер спорт федерациясынан боламыз. Мұнда иттерімізбен арнайы шаналарды әкелдік. Мерекенің кішкентай қонақтарына мұндай сырғанаулар қуаныш сыйлайтынын білеміз. Өйткені, иттердің үруі, бетке қар мен желдің соғуы, иттерді айқаумен айдау - бұл компьютерлік ойын емес, шынайы өмір", - деді иттердің иесі Яна Григорьева.
Шынында да, мереке балаларға ұнады. Олар тәттілерден дәм татып, конькимен сырғап, аниматорлармен, адам бойымен бірдей қуыршақтарымен би билеп, көңіл көтерді.
Шара соңында демеушілер мен серіктестер сыйлаған сертификаттардың ұтыс ойыны өткізілді.
Айта кетелік, бұған дейін аймақ басшысы Даниал Ахметов облыста ішкі туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін тілге тиек еткен.
[perfectpullquote align="full" bordertop="false" cite="" link="" color="" class="" size=""]«Жыл басынан бері салаға 5,4 млрд теңге инвестиция тартылды, оның ішінде 1,5 млрд теңгеге Катонқарағай ауданының Өрел ауылында екі жүз елу 250 орындық “Мұзтау” эко-отелі” туристік кешені салынды.
Сонымен қатар 12 млрд теңгеге 36 жобаны (көлдер жағалауында және Бұқтырма су қоймасында 12 демалыс базасы, қалаларда 10 туристік нысан салынып жатыр) іске асыру басталды», — деген еді ол.[/perfectpullquote]