Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауазымды тұлғаны қызметінен босатты

Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауазымды тұлғаны қызметінен босатты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімдерімен Қорғаныс министрлігіндегі бірқатар жоғары лауазымды тұлға қызметінен босатылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы қызметінен кетті.

Сондай-ақ Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы қызметінен босатылды.