Қазақстанға Өзбекстаннан келетін қандастар саны көбейген

Көркем Алдабергенова 18 қар. 2025 09:08

Жыл басынан бері 13 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

2025 жылы 13 202 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 11 млн 161,2 мың этникалық қазақ келді.

Жыл басынан бері елімізге келген қандастардың пайыздық үлесі:

Өзбекстан – 45,6%;

Қытай – 42,3%;

Түрікменстан – 4,1%;

Ресей – 2,6%;

Монғолия  – 2,9%;   

Басқа елдер – 2,5%.

Көшіп келген этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстандырылды. Сондай-ақ қандастарды қоныстандыру барысында еңбек күші тапшы өңірлер анықталды. Олар – Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар