Қазақстанның 17 өңірінде 18 қараша күні дауылды ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Dalanews.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Абай облысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы облыстың оңтүстігі мен орталығында 15–20 м/с, екпіні 25 м/с болуы күтіледі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, орталығында тұман күтіледі.
Алматы облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан жел күтіледі, күндіз облыстың шығысында желдің екпіні 15–20 м/с.
Түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың шығысы мен орталығында шығыс, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Күндіз таулы аудандарда солтүстік-шығыстан соққан жел 15–20 м/с.
Жетісу облысында Алакөл көлдер жүйесі ауданында шығыстан соққан жел 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.
Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының орталығында тұман күтіледі.
Түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі.
Түнде және таңертең Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.
Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
