Қияр ауруларын білесіз бе?

Dalanews 14 там. 2018 15:38 2407

Қияр өсімдігінде көбінде тамыр шірігі ауруы жиі кездеседі. Оның басты  қоздырғыштары – Fusarium, Pythium, Rhizoctonia, Alternaria және Erwinia carotovora тұқымдастығына жататын саңырауқұлақтар.

Бұл – ауру ашық және жабық топырақ қабаттарында таралған. Көшеттерде тамыр шірігі себілген тұқым өскіндерінің жатып қалуы арқылы байқалады. Тұқым жарнағының астындағы сабақ бөлігі күлдіреп, жіңішкерген соң, өсімдік жатып қалады. Біршама өсіп-жетілген өскіндерде, оларда бір-екі жапырақ пайда болған кезде мұндай ауру жапырақтардың астында пайда болады.

Өсіп-жетілген өсімдіктер залалданған кезде жапырақтар төменгі жағынан бастап сарғаяды да, бірте-бірте семіп қалады. Сабақ пен тамырдың негіздері (тамырға жақын бөлігі) қоңырқай тартады да, үгітіліп түсе бастайды.

Инфекцияның негізгі көзіне залалданған өсімдік қалдығы мен топырақ жатады.

Тамыр шірігі қолайсыз ауа райы жағдайлары мен топырақ құрамының нашарлығы салдарынан (ауа райының тез ауысып тұруы, суық сумен суару, ылғалдылықтың жоғары болуы, топырақта тұздың мол жиналуы, енгізілетін тыңайтқыштар мөлшерін арттырып жіберу, топырақтың беткі қабатының қабыршақтануы және басқалар) әлжуаз тартқан өсімдіктерді залалдайды.

Ақ ұнтақ ауруы. Ауру қоздырғыштары – Erysiphe cichoracearum Pot., Sphaerotheca fuliginea Poll. саңырауқұлақтары. Аурудың зияндылығы зақымдалған жапырақ беттерінің, иілуге және жемістерінің тез сарғаюына, вегетациялық қысқару кезеңі болып табылады.

Егістіктердегі қиярдың аурулары жаппай гүлдеу кезінде және жеміс беретін кезінде жекелеген ақ жабынды конидиялық спораларында дөңгеленген ақ дақтардың пайда болуымен байқалады.

Ауру белгілері ұзақ уақыт байқалмайды, өйткені көлеңкелі жерлерде сабақ өркендерінде және жапырақтың астыңғы жағында пайда болады. Аурудың үдеуі күндізгі және түнгі температураның күрт төмендеуі кезінде басталады, әдетте тамыз айында бұл өзгеріс байқалады. Зақымдалған жапырақтарда саңырауқұлақтың ұйқыдағы кезеңі қалыптасады – жеміс-жидектердің денесі ұсақ қара нүкте түрінде болады.

Ауру қоздырғыштар жоғары температураға төзімді келеді. Бірақ аурудың дамуына жоғары ылғалдылық қажет, әсіресе қатпалы егінжайларда,барлық ойпаттарда, суармалы каналдардың шет жағында. Саңырауқұлақтар вегетация кезінде конидиялары қолданылады, саңырауқұлақ бетінде масса пайда болады. Ұрық денелері өсімдік қалдықтарында қыстайды.

Бактериоз немесе бұрышты теңбіл. Ауру қоздырғышы – Pseudomonas lachrymans Smith et Bryan бактериясы. Ауру барлық жерде ашық топырақта кездеседі, сонымен бірге оның жылыжайларда да кездесуі мүмкін.

Қиярдың тұқым жарнақтарында ұсақ ақшыл қоңыр майланған дақтар түзіледі. Олар тез жайыла бастайды. Залалданған өскіндер қурап, түсіп қалады. Жапырақтарда дөрекі майлы қаракөк немесе талшықтар жиектелген, төменгі жағы сары шырышпен – эксудатпен (бактериялар жиналған) жабылған қоңыр дақтар пайда болады.

Ауа райы құрғақ кезде олар кеуіп қалады және ақшылтым қабықшамен жабылған тәрізді көрінеді. Ұлпалардың едәуір бөлігі жарылып кетеді де үгітіледі, осылайша түсе бастайды, жапырақтарда ойықтар пайда болады. Жапырақтар сағақтарында, жемістер мен сабақтарда бастапқы кезде көпіршіктенген дақтар пайда болады, бұдан соң кебеді де, ойықтар пайда болады. Сол жерлерде ауа райы ылғалды болған кезде лай тәрізді сұйық тамшы (эксудат) анық байқалады.

Тұқым – осы аурудың негізгі инфекциясы, алайда бактериялардың өсімдік қалдықтарында да сақталып қалуы ықтимал. Бактериялар өсімдіктердің бірінен екіншісіне жаңбыр кезінде желмен тарайды да, өсімдік бойына саңылаулар және жарақаттар арқылы енеді. Ауру ылғалдылық жоғары болған кезде және ауаның қалыпты температурасы 25-27ºС-ге жеткенде қарқынды дами бастайды.

Перенаспороз немесе жалған ақ ұнтақ ауруы. Ауру қоздырғышы – Pseudoperonospora cubensis Rostows саңырауқұлағы.

Оңтүстік Қазақстан облысында тараған қияр ауруларының бірден-бір түрі. Жағымды жағдайларда және дер кезінде қорғаныс шаралары жасалмаған жағдайда егістіктің толықтай жойылуына әкеп соғады.

Барлық жерде ашық және қорғалған топырақта кездеседі.

Залалданған жапырақтардың жоғары жағында бұрышталған қоңыр сары дақтар пайда болады. Олар бірте-бірте ұлғайып, бір-біріне қосылып кетеді. Жапырақтың төменгі жағынан осы дақтарда аса қою қоңыр, күлгін түсті өңездер түзіледі. Олар саңырауқұлақтың конидиялы спора түзілісінен тұрады. Ауруға шалдыққан жапырақтар үгілгіш, тез сынғыш болып келеді де түсіп қалады.

Инфекцияның негізгі көзі – өсімдік қалдықтары, әсіресе оспоралары, қыстап шыққан қалдықтар. Аурудың дамуына ылғалдылықтың жоғары болуы (100%-ға жуық немесе тамшылы сұйық ылғал) және ауа температурасының 15-22ºС болуы ықпал етеді.

Альтернариоз. Ауру қоздырғышы – Alternaria cucumerina (Ell. et Ev.) Elliott саңырауқұлағы.  Ауру жеміс-жидек жетілу кезінде байқалады, бастапқыда жапырақтың төмен жағында, кішігірім (0,2-0,3см), сәл төмпешікті, құрғақ, дөңгелек пішінді ашық қоңыр түсті болып келеді.

Аурудың белгісі жапырақ аймақтарында пайда болуымен мінезделеді. Дақтың бетінде саңырауқұлақтың конидиясы сәл байқалады, әсіресе жапырақтың төменгі жағында. Кейде аурудың белгілері жапырақтың шет жақтарынан байқалуы мүмкін, яғни үлкен  қоңыр дақтар анық емес шеттерде байқалуы мүмкін. Альтернариоздың дамуына ауаның жоғары ылғалдылығы және тамшылы ылғалдылық қажет. Ауру тұқымның бетінде және зақымданған өсімдік қалдықтарында мицелияларында және конидияларында сақталады.

Антракноз. Ауру қоздырғышы – Colletotrichum orbiculare (Berk) Arx саңырауқұлағы. Антракноздың зақымы егіннің саны мен сапасына кері әсерін тигізеді. Антракнозбен зақымдалған жапырақ нашар функцияланады.

Ауру қиярды, жеміс-жидектерді, жапырақтары мен бұталарын зақымдайды.

Бірінші белгілері жас өсімдіктерде байқалады, тамырында қоңыр түсті дақ пайда болады. Кейде дақ өсімдіктің барлық сабағына тарауы мүмкін, салдарынан өсімдік жойылады. Антракнозды жапырақтарында сопақ және дөңгелек сарғыш қоңыр түсті түрі байқалады, көлемі 3мм ден 3-4см дейін. Олар жапырақ пластинкаларында және жапырақ араларында орналасады. Ауру қатты өршіген жағдайда дақтар төгіледі, яғни жапырақтың үлкен бөлгін алады.

Жапырақта дақтар көбейіп, тесіктер пайда болады. Сосын ауру сабағына және жапыраққа өте бастайды, ұзын ашық қоңыр түсті сулы дақ пайда болады. Аурудың қатты дамуы кезінде сабақ сынып, өсімдік өледі. Ұқсас дақтар жас өсімдіктерде де байқалады. Жемістер қисайып, ащы дәм береді. Вегетацияның соңына қарай майда қара скелорация пайда болып, саңырауқұлақтың қыстау кезеңі басталады.

Саңырауқұлақ температураның кең шегінде дамиды – 4 тен 30ºС дейін және ауа ылғалдылығы жоғары – 90-98%. Ылғалдылық 60ºС төмен болса аурудың дамуы тоқтатылады. Вегетация кезінде ауру жәндіктердің, жауын-шашынды және суармалы суда, ауа ағындарының көмегімен таралады. Саңырауқұлақ склероция түрінде өсімдік қалдықтарында және ауру өсімдіктерден жиналған дәндерде қыстайды.

Кәдімгі мозайка. Ауру қоздырғышы – Cucumis virus-1, Smith. вирусы. Негізінен алғанда, ашық топырақтағы қияр егісінде байқалады. Өскіндердің тұқым жарнақтары сарғыш тартып, жетіліп өсе бастаған өсімдіктердің негізгі талшығы бойымен ұлпалары ақшылданады, талшықтары арасында сары дақтар пайда бола бастайды. Жапырақтары қатпарлана бүктетіліп, өсімдіктің өсуі біршама тежеледі. Аналық гүл шанақтарының саны кемиді. Тұқымдарында сарғыш-жасыл теңбілдер пайда болады, кейде бүкіл жемісі сары-жасыл түске айналады. Ауруға шалдыққан өсімдіктер көбінесе семіп қалады, гүлдері қурап желі сабақтары сарғаяды. Вирус бір өсімдіктен екіншісіне битпен беріледі. Вирус тұқымдарда және көпжылдық арамшөптер тамырларында қыстайды. Өсімдік қалдықтарында инфекция сақталады, яғни тұқым ішінде. Тұқымда инфекция екі-үш айға дейін сақталады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар