Яна Легкодимованың өліміне қатысты үкім шықты

Сағыныш Сардарова 17 қар. 2025 12:05

Атырауда Яна Легкодимованың өліміне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

24 жастағы Ризуан Хайржанов пен 25 жастағы Алтынбек Қатимов аса ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Еске салайық, бұған дейін істің мән-жайын жазған едік.

Тергеу мәліметінше, Яна 2024 жылғы 18 қазанда үйінен танысының қоңырауынан кейін шығып кетіп, қайта оралмаған. Күдіктілер - 24 және 25 жастағы екі ер адам. Тергеу мәліметі бойынша олардың бірі қызды көлікте тұншықтырған, екіншісі есікті жауып тұрған. Кейін сүйекті Талдыкөл маңындағы Жайық өзеніне тастаған.

Марқұмның сүйегі сегіз айдан кейін, 2025 жылғы маусымда табылды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар