Атыраулық Яна Легкодимованың өлімі бойынша жаңа мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Атырауда 23 жастағы Яна Легкодимованың өліміне қатысты сот өтіп жатыр. "НеМолчи.kz" қоры айыпталушылардың бір-біріне жолдаған хаттарының үзінділерін жариялады. Онда күдіктілер өз әрекеттеріне өкінбегені, қылмысты жоспарлап, кейін не істеу керегін талқылағаны байқалады.
Хабарламадан үзінді:
"Ұйықтап жатыр, әлі денесі жылы, тірі",
"Біз бұдан да қорқынышты нәрселерді жасағанбыз",
"Қазір бәрін тазала, жуып ал, із қалуы мүмкін", "Олар итпен келе ме?".
Сондай-ақ, олар пара арқылы жазадан құтылу жайын да сөз еткен.
Тергеу мәліметінше, Яна 2024 жылғы 18 қазанда үйінен танысының қоңырауынан кейін шығып кетіп, қайта оралмаған. Күдіктілер - 24 және 25 жастағы екі ер адам. Тергеу мәліметі бойынша олардың бірі қызды көлікте тұншықтырған, екіншісі есікті жауып тұрған. Кейін сүйекті Талдыкөл маңындағы Жайық өзеніне тастаған.
Марқұмның сүйегі сегіз айдан кейін, 2025 жылғы маусымда табылды.