«Қазгидромет» РМК 17 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Мекеменің мәліметінше, еліміздің басым бөлігі антициклон ықпалында болады. Тек республиканың батысы, солтүстік-батысы және солтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстік-батыс аймақтарда бұрқасын күтіледі.
Сонымен бірге республика аумағында тұман түсіп, солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде желдің екпіні күшейеді деп болжанып отыр.
