ҚМА Mellstroy атты блогерге қатысты тергеуді бастады: тың деректер белгілі болды

Сағыныш Сардарова 17 қар. 2025 09:56

ҚМА Mellstroy атты блогерге қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Астана қаласы бойынша ҚМА департаменті Беларусь Республикасының азаматы, "Mellstroy" лақапатымен танымал блогер Бурим Андрей Александровичке (15.12.1988 ж.т.) халықаралық іздеу жариялады. Сот оған "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

"Ол әлеуметтік желілер арқылы Қазақстан пайдаланушыларын да нысанаға алған "Mellstroy.game" онлайн казино платформасын заңсыз ілгерілету мақсатында ауқымды жарнама ұйымдастырды деген күдікке ілініп отыр. Онлайн казиноны жарнамалау үшін блогер әртүрлі ұтыс ойындары мен челлендждерді жариялаған. Қатысушыларға TikTok, YouTube Shorts және басқа да әлеуметтік желілерде Mellstroy.game атауын, казино логотиптерін және сайт сілтемелерін көрсететін видеолар түсіру ұсынылған. Бұған дейін Бурим Ресей Федерациясында тікелей эфир кезінде адамды ұрып-соққаны үшін жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар, 2025 жылғы қарашада Беларусь Республикасының Минск қалалық соты блогердің барлық платформадағы арналары мен оның логотиптерін экстремистік материалдар деп таныды", - деп жазылған хабарламада.

ҚМА азаматтарға үндеу жасады.

"Егер іздеудегі адамның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, Астана қаласы бойынша ЭТТД-ге мына телефондар арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: +7 7172 70 84 78 - кезекші бөлім; +7 7172 70 84 79. Құпия болатынына, сыйақыға кепілдік беріледі. Қазақстан Республикасының заңнамасында құмар ойындарды жарнамалағаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар, заңсыз ойын бизнесіне сыбайлас болғаны және жәрдемдескені үшін қылмыстық жауапкершілік те көзделген", - деді ҚМА өкілі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар