Астанада бірнеше күн бұрын хабар-ошарсыз кеткен 20 жастағы студент өлі күйінде табылды. Бұл туралы волонтерлік QANAT қозғалысының қызметкерлері өздерінің Instagram парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды Dalanews.kz.
2005 жылы туылған Темірхан Темірлан Әділханұлы 11 қараша күні жоғалып кеткен. Шамамен 15:00-де студент Жұмабаев даңғылы, 4-үйде орналасқан Еуразия гуманитарлық институтынан шыққан.
Волонтёрлердің мәліметінше, жас жігітті елордада14 қараша күні тапқан.
