"Ақтөбе мектептерінде қылмыс жасалады" деген ақпарат жұртты шошытып қойды

Сағыныш Сардарова 17 қар. 2025 09:10

Әлеуметтік желілерде белгісіз біреулер Ақтөбе мектептерінде қылмыс жасамақ деген жалған ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл дерек бойынша Полиция департаменті терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратқаны үшін соталды тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

"Ақпаратты таратқандарды анықтау бағытында жедел іс-шаралар қабылданды. Күдіктілер жақын арада анықталып, еліміздің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады", - деді өңір полициясы.

Сонымен қатар, білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілген: мектептерде бейнебақылау жүйелерінің жұмысы күшейтіліп, оқу орындары маңында полиция жасақтарының саны артты.

"Азаматтарды жалған мәліметтерге сенбеуге және тек ресми дереккөздерге жүгінуге шақырамыз", - деді полиция.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар