Қаңтарда БЖЗҚ шығынға ұшырап, қазақстандықтардың шотындағы ақша күрт азайды

Кәмшат Тілеухан 05 ақп. 2025 10:23 269

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары қаңтар айында айтарлықтай азая түсті. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (БЖЗҚ) қазақстандықтардың зейнетақы активтерін басқарушы компаниялардың 2025 жылғы қаңтардағы табыстарын қорытындылады, деп жазады Dalanews.kz сілтеме жасап.

Қаңтар айындағы нәтижеге ықпал еткен факторлардың бірі - теңгенің долларға шаққандағы 1,32%- ға нығаюы: 525,11-ден 518,14 теңге дейін. Бұл басқарушы компаниялардың доллар түріндегі портфеліндегі қаражаттарға айтарлықтай әсер етті. Жалпы, валюталық активтердің үлесі неғұрлым жоғары болса, теңгенің нығаюынан кірістілікке теріс әсер соғұрлым күшті болады.

БЖЗҚ активтерінің басым көпшілігін басқаратын ҚР Ұлттық Банкі әртүрлі нәтижелер көрсетті. Доллар түріндегі активтердің үлесі 40%-дан асатын МЗЖ/ЕЗЖ шеңберіндегі активтер табиғи түрде -1,25% теріс номиналды кірістілікті көрсетті. Қаңтар айындағы ресми инфляция көрсеткішін  ескере отырып, қазақстандықтардың көпшілігінің зейнетақы активтерінің нақты кірістілігі 2,35%-ға төмендеді. 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, Ұлттық Банктің басқаруында 22,41 трлн теңге БЖЗҚ активтері болды, яғни қаңтардағы нақты ақшалай шығын 526 млрд теңгені құрайды. ҚР Ұлттық Банкі активтердің валюталық құрылымы толығымен теңгелік (валюталық салымдардың 0%) МЗЖЖ шеңберінде активтерді басқарушы ретінде кірістілігі -3,67% -ды құрады, бұл барлық басқарушылар арасында ең нашар нәтиже, сондықтан осы ретте сауал туындайды. Бұл нарық жағдайлары өзгерген кезде толық теңге түріндегі портфельдердің аса осалдығын танытады, деп жазады inbusiness.kz.

 

Инвестпортфелді басқарушы компаниялардың 2025 жылдың қаңтардағы табыстылығы бойынша рейтингі:

Зейнетақы активтерін басқарушылар

Номинальды кірістілік, %

Нақты кірістілік, %

Басарудағы қаражат көлемі (01.01.2025), млрд теңге

BCC Invest

0,58

-0,52

5.5

Halyk Global

0,28

-0,82

4.85

Jusan Invest

0,09

-1,01

10.73

Halyk Finance

-0,05

-1,15

42.24

Centras Securities

-0,74

-1,84

1.9

ҚР Ұлттық Банкі (МЗЖ/ЕЗЖ)

-1,25

-2,35

22 415

ҚР Ұлттық Банкі (МЗЖЖ)

-3,67

-4,77

255.81

Дереккөз: БЖЗҚ АҚ, 2025.

Қаңтар айында кірістілік бойынша көшбасшы BCC Invest болды, оның номиналды кірістілігі +0,58% (доллар түріндегі активтерінің үлесі – 17,21%). Halyk Global Market +0,28% (валюталық активтердің 20,28%) табысты көрсетті. Jusan + 0,09% кірістілікпен оң теңгерімді сақтай алды (долларландыру – 29,04%). Бұл кірістер, әрине инфляцияны жаппайтынын объективті түрде мойындау керек.

Centras Securities, керісінше, 21,23% валюталық активтері жағдайында -0,74%, яғни теріс кірісті тіркеді. Валюталық активтердің едәуір үлесіне (35%) ие Halyk Finance осы айдағы кірісі -0,05%-бен шамалы төмендеуді көрсетті.  Бұл теңгенің нығаюы аясында активтерді қайта бағалау кезіндегі салдарды танытады.  

Желтоқсан айында өз клиенттеріне 2,66% және 2024 жылдың қорытындысы бойынша 18,07% табыс әкелген Halyk Finance валюталық әртараптандыру саясатына ставка жасапты. Онда да 2024 жылдан басталған валюталық активтер портфелін ұлғайту жөніндегі жоспарлы стратегиясы болды. 2024 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша Клиенттермен есептік кездесуде белгілі болғандай, валюталық активтердің үлесі екі есеге артып, 32%-ды құрады. Осы жылдың 1 қаңтарында валюталық активтердің үлесі 35%-дан асты.

Бұған дейін инвестициялық банк басшылығы зейнетақы активтерінің валюталық бөлігін 50%-ға дейін ұлғайту жөніндегі өз жоспарлары барын айтқан. Менеджмент логикасы бойынша, бұл теңгенің құнсыздану тәуекелдерін азайтады және ұзақмерзімді кезеңде клиенттердің жинақтарына оң әсер етеді. Halyk Finance инвестицияларының басым бөлігі Қазақстан (57%) және АҚШ (33%) эмитенттері шығарған құралдарға тиесілі. Активтердің басым көпшілігі мемлекеттік (>38%) және қаржылық (>37%) секторлардың бағалы қағаздарына инвестицияланған, бұл қаражаттың сақталуына деген жоғары сенімдікті көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы Halyk Finance зейнетақы активтерін басқарушылар (ИПБ) арасында клиенттер үшін табыс әкелуде көшбасшы болды. Halyk Financeқа өз жинақтарын сеніп тапсырған салымшылардың шоттарына келіп түскен номиналды кірістілік 17,2% және нақты мәнде (инфляцияны шегергенде) 7,4%-ды құрады.

Компанияға қазақстандықтардың жеке сенімгерлік басқаруға тапсырып берген қаражатының 65% -ы, яғни 60,9 млрд теңгесі тиесілі. Қаңтар айындағы нәтижелер портфельді орташа долларландырудың арқасында  толық теңгелік активтердегі компаниялармен салыстырғанда анағұрлым тиімді жағдайда болды.  Ұлттық Банктің МЗЖЖ жағдайындағыдай теңгеге толық тәуелділік кірістіліктің едәуір төмендеуіне әкелді. Болашақта басқарушы компаниялар 2025 жылға арналған стратегияларды қалыптастыру кезінде валюталық ауытқуларды ескеруі керек. Зейнетақы активтерін жеке басқарушы компаниялардың табыстылығының салыстырмалы түрде жоғары және тұрақты көрсеткіштеріне қарамастан, халықтың көпшілігі (активтердің 99,9%) өздерінің зейнетақы жинақтарын ҚР Ұлттық Банкі басқаруында қалдырып,  тиімді басқару мәселесіне әлі де пассивті қарайды.

Негізінен, Қазақстан азаматтары өз жинақтарын басқару мүмкіндігіне 2023 жылдың ортасынан бастап ие. Сол кезде қазақстандықтарға БЖЗҚ-дан ең төменгі шектің жеткіліктілігіне қарамастан, барлық зейнетақы жинақтарының 50%-на дейін жеке басқарушы компанияның сенімгерлік басқаруына беруге мүмкіндік жасайтын заң қабылданды. Бұл жаңалық инвестицияларды кәсіби басқару есебінен зейнетақы қаражатының кірістілігін арттыруға бағытталған.

Бұл үшін ешқайда барудың керегі жоқ, опцияны үйден шықпай-ақ онлайн режимде пайдалануға болады. Ол үшін ЭЦҚ арқылы БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинетке кіру қажет. Ары қарай, аударым үшін қолжетімді соманы тексеріңіз (барлық зейнетақы жинақтарының 50%-на дейін), қызметпен танысыңыз және қолайлы басқарушы компанияны таңдаңыз. Өтініш онлайн түрде беріледі және ЭЦҚ арқылы расталады. Жеке кабинетте және БЖЗҚ сайтында және басқарушы компаниялардың өздері сіздің активтеріңізді басқару туралы есеп ала алады.

Естеріңізге сала кетейік, заңмен рұқсат етілген осы опцияның артықшылықтарының бірі салымшылар үшін жоғары кірістілік алу және зейнетақы активтерін әртараптандыру мүмкіндігі болып табылады. Кейбір бағалаулар бойынша, қазақстандықтардың өздерінің зейнетақы жинақтарын басқару мәселелеріне бей-жай қарауы салдарынан 2023 жылдың бір өзінде 800 млрд теңге табысқа қол жеткізе алмаған. Бұл ретте таңдау жасар алдында компанияның беделін және оның қаржылық көрсеткіштерін мұқият зерделеу ұсынылады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар