Meta Трампқа 25 миллион доллар төлейді

Көркем Алдабергенова 30 қаң. 2025 14:33 1662
©Getty Images

Meta компаниясы Трампқа парақшаларын бұғаттағаны үшін 25 миллион доллар төлейді, деп хабарлайды Dalanews.kz

Трамп Meta-ны өзін Facebook пен Instagram желілерінде әділетсіз бұғаттады деп айыптап, 2021 жылғы 6 қаңтарда Капитолийге шабуылдан кейін әлеуметтік желілерді цензураға сынға алған болатын. Компанияның басшысы Марк Цукерберг жақында Трампты қолдап пікір білдіріп, Meta қосымшаларында (оның ішінде Facebook, Instagram, Threads және WhatsApp) сөз бостандығын кеңейтуге бағытталған компания саясатына үлкен өзгерістер енгізді. Сонымен қатар, ол әртүрлілікке қатысты бастамаларды тоқтатты.

Төртінші тоқсанның қаржылық нәтижелері туралы инвесторлармен телефон арқылы өткен конференция кезінде Цукерберг Трамп әкімшілігінің америкалық технологиялық компанияларды қолдауда және “біздің құндылықтарымызды қорғауда” маңызды рөл атқарғанын айтты.

“Бұл – үкіметпен қарым-қатынасымызды қайта қарау үшін маңызды жыл болады”, – деді Марк Цукерберг.

Келісімнің шарттарына сәйкес, 22 миллион доллар Трамптың президенттік кітапханасын қаржыландыруға жұмсалады, ал қалған 3 миллион сот ісімен байланысты шығындарды жабады. Сонымен қатар, Meta келісім аясында өз кінәсін мойындамағанын атап өтті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар