ҰҚК төрағасы Тоқаевқа есеп берді: Президент бірқатар тапсырма жүктеді

ҰҚК төрағасы Тоқаевқа есеп берді: Президент бірқатар тапсырма жүктеді
Aqorda

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады. Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, терроризм мен экстремизмге қарсы күрес және елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ермек Сағымбаев Президентке Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жыл басынан бері атқарған жұмысының негізгі нәтижелері туралы есеп беріп, алдағы кезеңге арналған жоспарларын таныстырды.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысына терроризм мен экстремизмге, есірткі бизнесі мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бағытында қабылданған шаралар баяндалды.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесіне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар киберқауіпсіздік пен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметіне қатысты бірқатар тапсырма берді.

Ақорда тапсырмалардың нақты мазмұнын жариялаған жоқ.