Қазақстанда дәрігерлер алдағы ЖРВИ мен «гонконг тұмауы» маусымының жақындап келе жатқанын ескертті деп хабарлайды Dalanews.kz. Жетінші арнаға сілтеме жасап.
Ағымдағы эпидемиялық маусым басталғалы бері Қазақстанда зертханалық түрде расталған А типті тұмаудың үш жағдайы тіркелді. Бұл вирус халық арасында «жаңа гонконг тұмауы» деген атпен белгілі.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, бұл вирус түрі тез дамуыымен ерекшеленеді. Жұқтырғаннан кейін 1–2 күн ішінде жоғары температура, құрғақ жөтел, бұлшық еттің сырқырауы мен бас ауруы сияқты белгілер пайда болуы мүмкін.
Қорғанудың басты шараларының бірі – вакцинация болып қала береді: елде өзекті штамдарды қамтитын екі миллионнан астам вакцина дозасы сатып алынды. Онымен ерікті түрде екпе алуға болады.
Бұл арада ЖРВИ-мен сырқаттану деңгейі төмендеп келеді: соңғы аптада 142,5 мың жағдай тіркелді — бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 13 пайызға аз.
Дәрігерлердің айтуынша, «гонконг тұмауы» — жаңа вирус емес, маусымдық тұмаудың бұрыннан белгілі штамдарының бірі. Дегенмен ол халықтың әлсіз топтары үшін айтарлықтай қауіпті болуы мүмкін.
