Шымкенттік автоблогер әрі заңгер Руслан Жанпейісов 4 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Dalanews.kz "OTYRAR"-ға сілтеме жасап.
Ол полиция қызметкерінің «өкіміне немесе заңды талабына бағынбағаны» (Әкімшілік кодекстің 667-бабының 1-бөлігі) бойынша кінәлі деп танылды. Қалалық әкімшілік сот оны 4 тәулікке қамауға алды. Жаза мерзімі 22 сәуірден бастап есептеледі.
22 сәуір күні Руслан Жанпейісов атымен танылған Бейбарыс Райымбековты полицейлер жұмыс орнынан ұстаған. Тергеу изоляторына жеткізілгеннен кейін оған қатысты қамау туралы хаттама толтырылған. Сол кезде Жанпейісовке дәл осы бап бойынша айып тағылып, Бәйдібек би даңғылы бойында рейд жүргізіп жатқан қызылордалық полиция қызметкерлерінің «заңды талаптарына бағынбады, олардың жұмысына кедергі келтірді, құрметсіздік танытты» деген айыптар тағылған еді. Алайда кеше сот оның әрекеттерінде құқықбұзушылық жоқ деп танып, істі қысқартқан.
Ал бүгінгі іс бойынша Жанпейісовтің Тәуке хан көшесі бойында рейд жүргізіп жатқан қарағандылық полиция қызметкерлеріне жақындап, олардың іс-әрекеттерін видеоға түсірген сәттері қаралған. Бұл видеолар іс материалдарына дәлел ретінде тіркелген.
