2027 жылы Қазақстанда жаңа 20 000 теңгелік банкнот айналымға шығады

Ақтоты Жапатова 25 сәу. 2026 11:10

Қазақстанда 2027 жылы жаңа 20 000 теңгелік банкнота айналымға шығады. Бұл туралы Ұлттық банкте өткен брифингте Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz

Оның айтуынша, жаңа купюра келесі жылы қолданысқа енгізіледі, ал қазіргі 20 000 теңгелік банкнота белгілі бір уақытқа дейін қатар айналымда болады.

Ұлттық банк басшысы жаңа банкнотаның дизайны бұрын таныстырылғанын атап өтті. Алайда оны толық енгізу үшін өндіріс процесі мен банктердің, соның ішінде банкомат желілерінің дайындығы қажет. Осы себепті жаңа купюра кезең-кезеңімен енгізіледі.

Осы жаңартудан кейін елдегі банкноталар қатары толық жаңартылатын болады.

Журналистер Қазақстанда банкноттар сияқты монеталарды да жаңарту жоспарда бар-жоғын нақтылады.

«Монеталарға қатысты әзірге ештеңе айта алмаймын. Қолма-қол ақша айналымына байланысты әртүрлі жоспарлар бар, бірақ нақты шешім әлі қабылданған жоқ», - деді ол.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove