Алматыда Жириновскийге естелік тақта орнатылуы мүмкін

Ақтоты Жапатова 25 сәу. 2026 16:12

Алматы қаласында Владимир Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды, деп хабарлайды Dalanews.kz "ZTB NEWS"-ке сілтеме жасап.

Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Сергей Леонов Алматыдағы саясаткер дүниеге келіп, балалық шағын өткізген үйге барған.

Үй Масанчи көшесі, 79 мекенжайында орналасқан. Мәліметтерге сәйкес, болашақ саясаткер осы ғимараттың екінші қабатындағы №3 пәтерде тұрған.

Ғимаратты аралағаннан кейін Сергей Леонов үйдің қасбетіне естелік тақта орнатуды ұсынды. Оның айтуынша, сапар Владимир Жириновскийдің туғанына 80 жыл толуы қарсаңында ұйымдастырылған.

«Бұл жерде Владимир Вольфович Жириновский дүниеге келгені туралы тақта орнатылса, көп адам осы тарихи үй туралы білер еді», – деді ол.

Қазіргі уақытта бастамаға қатысты ресми шешім жарияланған жоқ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove