Freedom Inside '26

АҚШ-та терроризмге күдікті қазақстандық кепілмен босатылды

АҚШ-та терроризмге күдікті қазақстандық кепілмен босатылды
ашық дереккөз

АҚШ-та терроризмге қатысы бар деген күдікпен ұсталған Қазақстан азаматы Еламан Балтагерей кепілмен босатылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл туралы Сенат кулуарында Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев мәлімдеді.

«Заңнама аясында тиісті көмекті көрсетеміз. Әрине, тергеу әрекеттеріне араласа алмаймыз. Мұндай айыптаулар бар екенін білеміз. Қазір олар кепілмен босатылды. Бұл белгілі бір деңгейде үміт ұялатады», – деді Көшербаев.

Министрдің айтуынша, осыған ұқсас жағдай шамамен 15 жыл бұрын да болған. Сол кезде қазақстандықтар елге оралған.

«Қалай болғанда да адвокат жалдауға құқық бар, туыстары байланыста. Бұл қателік болып, азаматтарымыз елге оралады деп үміттенеміз», – деп қосты СІМ басшысы.

Еске салайық, 17 маусымда АҚШ-тың Иммиграция және кедендік бақылау қызметі (ICE) Қазақстан азаматы Еламан Балтагерейді терроризмге қатысы бар немесе терроризмге күдікті тұлға ретінде ұстап, оған қатысты елден шығару туралы түпкілікті шешім қабылданғанын хабарлаған болатын.