Астана қаласында 10 қабатты тұрғын үйден өрт шықты. Оқиға Сарайшык ауданындағы Қ. Әзербаев көшесі бойында орналасқан үйде болған, деп хабарлайды Dalanews.kz
Қазақстан ТЖМ мәліметінше, алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері жеткен кезде ғимараттың 7-қабатындағы пәтер жанып жатқан. Сондай-ақ кіреберісті түтін басқан.
Құтқарушылар өрт сөндіру қондырғыларын дереу іске қосып, жалынды ауыздықтауға кіріскен. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, бірнеше учаскеде сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Тұрғындарды эвакуациялау ұйымдастырылған.
Ведомствоның хабарлауынша, зардап шеккендер туралы 112 қызметіне ақпарат түспеген.
Қазіргі уақытта өртті толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
