Амелина Бакиева мен Санжар Картай 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Амелина Бакиева мен Санжар Картай 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
instagram/olympickz

Қазақстан құрамасының ММА бойынша өкілдері Амелина Бакиева мен Санжар Картай Манама (Бахрейн) қаласында өткен 2025 жылғы жастар Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Dalanews.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда Бакиева Үндістанның Шрия Сатамынан мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

65 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Санжар Картай финалда Бахрейннің Султанахмед Султанахмедовынан басым түсті.