Танымал журналист депутаттың марапат алғанын сынады

Асель Қайратқызы 25 қаз. 2025 13:32

Respublica партиясының депутаты, бұрын «Атамекен» кәсіпкерлік палатасында жұмыс істеген Айтуар Қошмамбетовтің «Ерен еңбегі үшін» медалін алғанын журналист Михаил Козачков өз телеграмм каналында сынға алды, деп хабарлайды Dalanews.kz

Kozachkov offside телеграммы атап өткендей, кейбір депутаттар «Ерен еңбегі үшін» медаліне ие болды. Олардың арасында «Атамекенде» жұмыс істегендер бар. Алайда бұл ұйым қоғамға нақты пайда әкелген жоқ, қаржыландырылуы бизнес жарналары арқылы жүзеге асып, ұйымда жиі кадрлық даулар, қызметтен шығару сияқты келеңсіздіктер тіркелген, сондай-ақ, Сю- Цай сияқты тренингтер өткізілді, деп жазып өтті телеграмм каналда.

Айта кетейік, біз бұған дейін кәсіпкерлер «Атамекен» палатасына жарна жинауға қарсы шықпақ болғаны жөнінде жазғанбыз. Дереккөздер 2027 жылы кәсіпкерлік палата таратылуы мүмкін екенін айтқан. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар