Геннадий Головкин және Мариолис Харилаос халықаралық спорт ұйымының (World Boxing) президенттігіне өз кандидатураларын ұсынды, деп хабарлайды Dalanews.kz. Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Портал материалында WB баспасөз қызметінің ақпараты келтірілген.
Хабарланғандай, сайлау 2025 жылғы 23 қарашада Римде өтетін үшінші жыл сайынғы конгресте ұйымдастырылады.
Қазақстандық боксшы бұл туралы әлеуметтік желілерде мәлімдеме жасады.
«Достар, мен маңызды шешім қабылдадым – халықаралық World Boxing федерациясының президенттігіне өз кандидатурамды ұсыну», – деп жазды ол.
Головкин өзінің миссиясы – «бокстың олимпиадалық болашағын сақтау, сенімді нығайту және спортшыларды, жаттықтырушыларды және федерацияларды спортымызды дамытуға ұмтылысында қолдау көрсету» екенін атап өтті.
«Біздің мақсатымыз – МОК тарапынан толық мойындалуға қол жеткізу және бокстың Лос-Анджелес Олимпиадасы – 2028, Брисбен – 2032 және кейінгі жылдардағы ойындарға қатысуын растау. 23 қарашада біз жарқын болашаққа маңызды қадам жасаймыз», – деп қосты ол.
