Президент Шұғыла Өмірбекті U23 әйелдер күресінен әлем чемпионатында жеңіске жеткенімен құттықтады

Асель Қайратқызы 25 қаз. 2025 11:51

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шұғыла Өмірбекті U23 әйелдер күресінен әлем чемпионатында жеңіске жеткенімен құттықтады, деп хабарлайды  Dalanews.kz. Ақордаға сілтеме жасап.

— Бұл тарихи жетістік. Қазақстан халықаралық турнирде осындай жоғары деңгейде алғаш рет алтын медаль жеңіп алды. Жас буынның табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында әртүрлі салаларда жақсы нәтижелер көрсетіп жатқаны қуантады. Шұғылаға табыс тілеймін! — деп құттықтады Президент.

Бұған дейін хабарланғандай, Шұғыла Өмірбек Нови-Сад (Сербия) қаласында өткен жастар арасындағы әйелдер күресі бойынша әлем чемпионатында тарихи «алтын» жеңіп алған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар