Әрине, оның бәріне мән бере бермейсің. Бірақ, мына бір жазбаға көзіміз түсті. Андрей Сложин есімді журналист қазақтарды тұқымы құруға айналған Американың үндістеріне теңепті.
Бұл туралы жазбаны өзінің Facebook-тегі парақшасында желі қолданушысы Нұрлан Сұлтанов бөліскен екен.
Орысша жазылған жазбаны қазақшаға аударып бергенді жөн көрдік.
— Сложин, сен неге Қазақстанды жек көресің?
— Жақсы көремін. Бұл менің отаным ғой.
— Ендеше неге елден қашып кеткің келетіні туралы жазғансың?
— Себебі, ақымақтарды менің елім мен қаламнан кетіру қиын.
— Ақымақтар деп кімді айтып отырсың?
— Маған неге қазақша сөйлемейсің деп соқтығысатындарды айтамын.
— Бұл Қазақстан ғой. Мұнда қазақша білу міндетті емес пе?
— Кімге міндетті? Армян досыма ма? Әлде кәрістен шыққан қайын атама ма? Болмаса татар балдызыма ма? Кімге міндетті?
— Осы елде тұратын жергілікті тұрғындарды айтып отырмын.
— Ал мен кіммін? Мен алматылықпын. Атам, әкем, өзім осы елде өмірге келгенбіз.
— Сонда да болса мемлекеттік тілді білу керек.
— Иә, саған. Сонда не, барлық Америка «индеецтердің» тілінде сөйлеп жүр ме?..
Бұл постты жариялаған журналист біраз уақыт өткеннен кейін оны өшіріп тастаған. Алайда оның жазбасын сақтап қалғандар оны әлеуметтік желіге қайта салған екен.
Ал сіз бұл туралы не ойлайсыз? Кім-кім бірақ қалам ұстаған адамның қазақ тіліне қатысты мұндай пікір білдіруі қаншалықты заңды?
Төменде осы жазбаның болғанын дәлелдейтін скриншотты ұсынып отырмыз. Сурет желі қолданушысы Нұрлан Сұлтановтың парақшасынан алынды.