Арада аз уақыт өткен соң Атырауға сапарында «Еліміздің атауында Орталық Азияның басқа да елдеріндегі сияқты "стан" деген жалғау бар. Шетелдіктер небәрі екі миллион халқы бар Моңғолияға қызығушылық танытады. Бірақ оның атауында "стан" жалғауы жоқ. Мүмкін, уақыт өте келе мемлекет атауын "Қазақ елі" деп өзгерту керек шығар. Бірақ мұны алдымен міндетті түрде халықтың талқысына салған жөн" деген болатын. Бұл өз кезегінде Қазақстандықтардың жаппай қолдауына ие болған еді. Алайда, паралменттік мінбеде талқылауға жетпеді.
Енді, Телібеков ойда-жоқта даурығып, елдің атын "Данышпан ел" деп өзгертейік депті. Еліміздің мұсылман одағы мен азаматтар құқығы бойынша Орталық Азияның Мұсылман комиттеті үкіметке Қазақстан атауының өзгеруі жөнінде ұсыныс жіберді дейді Телібков мәлімдемесінде.
«Данышпан Ел», «Ұлы Ел, «Ақылды Ел», «Бай Ел» , «Керемет Ел», «Батыр Ел». Одақтың айтуынша, мұндай атаулар қазақстандықтарды шабыттандырып, экономиканың дамуына, инфляцияның азаюына, спорт, мәдениет, білім салаларының дамуына алып келеді екен. «Бүгінгі күннің қиындықтары еліміздің атауының мәнсіздігінен болуы керек. Еліміздің атауы батырлық әрекеттерге, еңбекке шабыттандырмайды. Сондықтан болу керек, шетелдіктер үшін Қазақстандық бейнесі индиферентті адам, өз ойында жүретін, өзге бір бақшада жүрген » - деп Премьер-министрге хат бағытталыпты.
Еске салсақ, «ҚМДБ (Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы – ред.) Мұрат Телибеков Қазақстанның барлық мұсылмандары атынан сөйлеуге құқығы жоқтығы, «Қазақстанның мұсылмандар одағы» мұсылман ұйымы емес екендігі туралы ресми мәлімдеме жасаған болатын.
Дереккөз: Қамшы сайты