Жамбыл облысында “қайтыс болды” деп тіркелген зейнеткер тірі болып шықты

Қаракөз Амантай 16 ақп. 2026 11:32

Жамбыл облысында "қайтыс болды" деп тіркелген 73 жастағы зейнеткер әйел аман-есен табылды. Сот шешімімен оның өлімі туралы акт жазбасы жойылып, берілген куәлік жарамсыз деп танылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Белгілі болғандай, әйел 2024 жылдың тамызында Тараздағы әпкесінің үйіне кеткен. Біраз уақыт хабарсыз қалған соң туыстары полицияға оның жоғалғаны туралы арыз түсірген. Сол жылы ауыл маңындағы өрістен табылған белгісіз адамның мәйітін қызы мен немересі жоғалған әйел деп танып, өлімі ресми тіркелген.

Алайда 2025 жылдың қыркүйегінде зейнеткер Жамбыл ауданы Қостөбе ауылындағы ағасының үйіне аман-есен оралған. Ол Құрбан айттан кейін Айша бибі ауылына барып, пияз жинау жұмысына орналасқанын айтқан. Зейнетақысы тоқтап қалған соң Таразға келгенде өзінің "қайтыс болғанын" білген.

Сотта табылған мәйіттің басқа адамға тиесілі екені анықталып, қайта сараптама жүргізілді. Нәтижесінде өлім туралы жазба күшін жойып, зейнеткердің құқықтық мәртебесі толық қалпына келтірілді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove