850 қазақстандық блогерден 500 млн теңге салық өндірілді

Көркем Алдабергенова 16 ақп. 2026 09:23

Мемлекеттік кірістер комитеті әлеуметтік желілерде танымал 850-ге жуық блогерден 500 млн теңгеге жуық салық өндірді. Камералық бақылаудың нәтижесінде аталған азаматтар тапқан табысы үшін салықтан жалтарғаны анықталып, тиісті шара қолданылған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл жайында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің департамент директорының міндетін атқарушы Ерқанат Шыңберген "24KZ" арнасындағы "ТҮЙІН" бағдарламасына берген сұхбатында айтып берді.

"Мысалы, 2022-2023 жылдар үшін былтыр камералық бақылау жүргізілді. Жалпы 80 мыңға жуық азаматтар камералық бақылауға түсті, оның ішінде әрине блогерлерболды. Олардың саны 850-ге жуық. Осы 850-ге жуық азаматтан 500 млн теңгеге жуық салық өндірілді", - деді Ерқанат Шыңберген.

Егер камералық бақылау туралы хабарлама орындалмайтын болса, салықтық тексеруге басталыд.

"Тексеру нәтижесінде біз бұл салықты тіпті жеке шотына енгізіп, төлетуге мүмкіндігіміз бар. Осындай мәжбүрлеу шаралары бар. Одан басқа, ӘҚБК-ке сай шаралар бар. Бірінші бұзушылық үшін ескерту беріледі", - деп түсіндірді спикер.

Блогерлердің бартер жасасу, сыйлық алуы табысқа жата ма?

"Табыс тек ақшалай қаражат ретінде саналмайды. Белгілі бір мүлік болсын, сыйлық болсын әрдайым табысқа жатады. Одан тиісінше салық төленуі қажет. Көбіне жарнама фактлеріне назар аударамыз. Себебі, бізде блогерлер көбіне жарнама арқылы табыс табады. Жалпы желілерде табыс табу мақсатында жарияланым болса бұларды, міндетті түрде кәсіпкерлік қызмет деп есептейміз", - деп жауап берді Ерқанат Шыңберген.

Түрлі мемлекеттік органдардан, банктерден алынған ақпараттарталданып, декларациялармен салыстырылады. Егер деректер декларацияда көрсетілген ақпаратпен сәйкес келмесе, яғни, салық төлемеу немесе кірістерді азайтып көрсету секілді мәселелер байқалса камералық бақылау нәтижесі бойынша азаматқа хабарлама жолданады.

Хабарламаны орындаудың екі тәсілі бар. Біріншісі, декларацияда сомаларды көрсетіп, тиісінше салық төлеу. Екінші тәсілі, егер салық төлеуші көрсетілген бұзушылықтармен келіспесе, түсіндірме арқылы дәлелдеу мүмкіндігі бар. Ол үшін 30 күн беріледі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove