Қаржы министрі шағын және орта бизнеске салықтық жеңілдік беру туралы бұйрыққа қол қойды

Қаракөз Амантай 16 ақп. 2026 12:29

Қаржы министрі орта және шағын кәсіпкерлікке қатысты айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығару туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Жаңа шешімге сәйкес, кәсіпкерлер негізгі қарыз сомасын 2026 жылдың 1 сәуіріне дейін толық өтеген жағдайда, барлық санкциялар автоматты түрде жойылады.

Есептен шығарылатын төлемдер қатарына 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін есептелген және қарыз өтелген күнге дейінгі өсімпұлдар, салықтық құқықбұзушылықтар бойынша тіркелген айыппұлдар, төлеу мерзімі өзгертілген (бөліп төлеу, оңалту) қарыздар бойынша санкциялар, сондай-ақ 1 қаңтарға дейінгі айналымдарға байланысты ҚҚС бойынша уақытында тіркелмегені үшін салынған айыппұлдар кіреді.

Сонымен бірге бұл амнистия жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке қатысы жоқ салықтары мен айыппұлдарына қолданылмайды.

Шешімді арнайы комиссия шоттарды түгендеу нәтижесіне сүйене отырып қабылдайды. Ал айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығару бойынша қорытынды есептер 2026 жылдың 10 сәуіріне дейін дайындалады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove