Астана тұрғыны шетелден көлік алдыртамын деп миллиондаған ақшасынан айырылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Екі күдікті өздерін шетелден көлік тасымалдайтын делдал ретінде таныстырып, көлік сатып алуға және өзге де шығындарға жәбірленушіні 16 млн теңге аударуға көндірген.
"Салдарынан жәбірленуші көлікті де, ақшаны да ала алмай қалған", - деп жазылған елорда прокуратурасы хабарламасында.
Сот үкімімен кінәлілерге 5 жыл және 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Жәбірленушінің залалды өндіру туралы азаматтық талап арызы қанағаттандырылды.
