Украинада Нұрлан Сабуровқа қатысты қылмыстық іс тіркелді

Көркем Алдабергенова 16 ақп. 2026 09:07

Украинада комик Нұрлан Сабуровқа қатысты қылмыстық тергеу басталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тергеу амалдарын Украина Қауіпсіздік қызметі жүргізіп жатыр. Іс Украина Қылмыстық кодексінің 111-2-бабының 1-бөлігі «мемлекет-агрессорға жәрдемдесу» бабы бойынша қаралуда.

Бұл туралы украиналық заңгер Андрей Пронин хабарлады. Оның айтуынша, тергеу аясында Сабуровтың Ресейдің қарулы құрылымдары өкілдеріне материалдық қолдау көрсетуі мүмкін деген деректер тексерілуде.

Сонымен қатар, Украина билігі әзірге істің нақты мән-жайы мен егжей-тегжейіне қатысты ресми ақпарат таратқан жоқ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove