Алмасхан Сматлаев Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Алмасхан Сматлаев қала әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
"Бұл шешім Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісілген", - деп жазылған хабарламада.
Жаңа қызметінде Алмасхан Сматлаев көріктендіру, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және жол мәселелеріне жетекшілік етеді.
