“Ордабасы” клубы кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліптің иелігіне ресми түрде өтті

Сағыныш Сардарова 16 ақп. 2026 13:18

"Ордабасы" клубы кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліптің иелігіне ресми түрде өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Шымкент әкімдігінде "Ордабасы" кәсіби футбол клубын жекешелендіру туралы меморандумға қол қойылды. Келісімге қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен Integra Construction KZ ЖШС басшылығы қол қойды. Меморандум Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кәсіби футбол клубтарын жекешелендіру және коммерцияландыру жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылды.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков кәсіби спортқа жеке инвестиция тарту футбол инфрақұрылымын дамытуға, жас ойыншыларды даярлауға және қаланың елдегі футбол орталықтарының бірі ретіндегі позициясын нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

Өз кезегінде Шахмұрат Мүтәліп компания клубты дамытуды ұзақ мерзімді әрі әлеуметтік маңызы бар жоба ретінде қарастыратынын айтты.

"Ордабасы" – тарихы бай әрі жанкүйерлері мықты қолдайтын клуб. Біздің алдымызда инфрақұрылымға, жас ойыншыларды даярлауға және бәсекеге қабілетті команда қалыптастыруға баса мән бере отырып, клубтың тұрақты дамуын қамтамасыз ету міндеті тұр", – деді ол.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove